Сәрінжіпов: 83 елдің ішінен 8-ші орын алуымыз жоғары көрсеткіш

Фотография - Сәрінжіпов: 83 елдің ішінен 8-ші орын алуымыз жоғары көрсеткіш

ТМД елдері бойынша Қазақстан Халықаралық оқушылар олимпиадасын өткізу құқығына ие болған екінші мемелкет

160 0

Бүгін білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов информатикадан Алматыдан өткен 27-ші Халықаралық олимпиадаға қатысып ел намысын қорғаған жеткіншектерді қабылдады. Кездесу аясында Аслан Бәкенұлы 83 елдің ішінен 8-ші орын алуымызды жақсы жетістікке балап, жас өрендерді жетістіктерімен құттықтады. Сондай-ақ, олардың еңбектеріне алғыс білдіріп, естелік сыйлықтар табыс етті.

Жыл сайын ұйымдастырылатын 27-ші халықаралық информатика олимпиадасы (IOI-2015) ағымдағы жылдың 26 шілдесі мен 2 тамыз аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің базасында өткен болатын. 83 мемлекеттен қатысқан 324 үміткер қатысқзан білімділер сайысында бізідң елдің ұлындары Қазақстанды 8 орыннан көрсетті.

"Мұны үлкен жетістік деп бағалауға тұрарлық дүние. Өйткені, біздің еліміз алғаш рет осы жарысты өзімізде ұйымдастырды және шара аясында екі рекордттық көрсеткіш көрініс берді. Оның біріншісі – жалпы осы Олимпиада тарихында 83 мемлекеттің өрендері бақ сынаса, қатысушылар саны жағынан да зор басымдыққа ие болды. Осы кезге дейінгі шаралар өркениеті оқ бойы озық кеткен елдерде ұйымдастырылған болса да, осыншама үміткер ешқашан қатыспаған. Міне, осындай игіліктер Қазақ жерінде өткен жиында жария болуда. Сондай-ақ, осы 83 елдің ішінен Қазақстанды алғашқы сегіздіктің қатарынан көрінуін өте жақсы жетістік ретінде бағалауға тұрарлық. Біздің еліміздің осындай биіктерден көрінуіне себепкер боғлан сендерге зор алғысымды білдіргім келеді. Сендерге қарап өз қатарластарың бой түзейтін болады. Сондықтан да осындай жетістікпен ата-аналарың мен ұстаздарыңды, өз елдеріңді қуантуларың ерекше жағдай. Болашақтарың баянды, келешектерің кемелді болсын. Ел ертеңі өздеріңдей ұландармен дамудың даңғыл жолына түсетіндігіне сенімдімін", - деді Аслан Бәкенұлы.

Айта кетейік, ТМД елдері бойынша Қазақстан Халықаралық оқушылар олимпиадасын өткізу құқығына ие болған екінші мемелкет. Мұның алдында Информатика пәнінен олимпиаданы 1990 жылы Белорусия ұйымдастырған еді. Келер жылы бұл шара Қазан қаласында өтеді деп жоспарлануда.

 

 

Baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!