Қазақ ұлттық консервоториясы грант иегерлері тізімін жариялады

Фотография - Қазақ ұлттық консервоториясы грант иегерлері тізімін жариялады

Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық консервоториясы грант иегерлері тізімін жариялады, деп хабарлайды Today.kz.

442 0

Құрманғазы атындағы қазақ  ұлттық консервоториясы грант иегерлері тізімін жариялады, деп хабарлайды Today.kz.
"Педагогика және психология", "Аспаптық орындаушылық", "Вокалдық өнер", "Дирижерлау" (Хор), "Музыкатану", "Арт-менеджмент", "Композиция",  "Музыкалық білім ", "Дәстүрлі музыкалық өнер" мамандықтары бойынша  грантқа түсушілер тізімін мына жерден көре аласыз.

Ертеректе Today.kz Қазақстанда 2015 жылғы білім гранттарының иегерлері тізімі жариялаған болатын.


Мемлекеттік білім гранттарының иелерін анықтайтын комиссия 2015-2016 оқу жылына бөлінген 32 168 грант иегерлерін толық анықтады.
Гранттың 500-і жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне берілсе, 29 668 грант 1 курсқа оқушылар қабылдауға арналды. Соның ішінде күндізгі оқу бөліміне - 29 168, сырттай үшін 500 грант берілді. Білім гранттарын қабылдау құқығын конкурс жолымен анықталған 60 жоғары оқу орны жеңіп алды.
Көрсетілген басымдықтар есебімен 12 600 грант - түлектерді техникалық және технологиялық, 6000-ға жуық грант - педагогикалық, 2 690 грант ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы мамандықтары бойынша оқытуға бөлінді.
Еске сала кетейік, 2015 жылы білім гранттарын алуға 67 377 түлек қатысты. Олардың 53 162-сі - қазақ, 14 215 орыс мектептерін бітірген.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!