Google корпорациясы атауын өзгертеді

Фотография - Google корпорациясы атауын өзгертеді

Американың ғаламтор алыбы Google ұйымдастырушылық құрылымын ауыстырып жатыр: Alphabet Inc. ("Алфавит") жаңа холдинг компаниясы құрылып, Google оның жүзпайыздық еншілес ұйымы болады, деп хабарлайды РБК.

253 0

Американың ғаламтор алыбы Google ұйымдастырушылық құрылымын ауыстырып жатыр: Alphabet Inc. ("Алфавит") жаңа холдинг компаниясы құрылып, Google оның жүзпайыздық еншілес ұйымы болады, деп хабарлайды РБК.

"Біз бастапқыда ақылға сыймайтын көптеген іс жасадық. Біздің компаниямыз бүгінде де жақсы жұмыс атқарып жатыр, бірақ біз оны одан да тәуір әрі есепті ете аламыз деп ойлап отырмыз", - деді компанияның блогында Google-дің негізін қалаушылар Сергей Брин мен Ларри Пейдж жаңа тосынсый туралы сөздерінде.  Жаңалық айтылған соң, Google-дің акциялары 5 пайызға өскен (капиталдандыру - шамамен 450 млрд. доллар).

Пейдж Google-дың атқарушы директоры қызметінен кетіп, Alphabet-ті басқарады, ал Брин осы компанияның президенті болады. Google-дің жаңа басшысы болып бұған дейін Chrome  браузері немесе Android  операциялық жүйесі сияқты өнімдер үшін жауапты болған аға вице-президент Сундар Пичаи тағайындалды. Осылайша, Пейдж бен Брин Google-ді күнделікті басқаруын қалдырып, бизнес  топтарын одан да іргелі әрі стратегиялық түрде басқарады.

Google ірі сегмент болады (іздеу қызметінен басқа бұл жарнама, карталар, қосымшалар, YouTube және Android). Calico (қартаю және ұзақ жасау саласындағы зерттеулер), Nest (өзін-өзі оқыту термостаттары), Fiber (ғаламторға жоғары жылдамдықпен қолжетімділік), Google Ventures және Google Capital инвестициялық бөлімшелері сияқты бір-бірімен  байланысы аз бизнестер негізгі бизнестен тәуелсіз түрде басқарылады.

Alphabet сайты компанияның атауын көрсетіп, abc.xyz мекенжайымен жұмыс істей бастады. «Бізге осы атау ұнады, себебі ол адамзаттың маңызды инновацияларының бірі - тілдің бір бөлігі болып табылатын әріптер жиынтығын білдіреді, бұл Google іздеу қызметінің индекстеу негізіне салынған», - деп түсіндірді компанияның негізін қалаушылар. 

 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!