Мыңнан астам астаналық мемлекеттік білім грантының иегерлері атанды

Фотография - Мыңнан астам астаналық мемлекеттік білім грантының иегерлері атанды

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтеріне сәйкес, Астана бойынша білім грантына 2782 өтініш берілген.

248 0

Бүгін мемлекеттік білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды. Жалпы, 2015 жылы 32 168 грант бөлінген: 2500 орын жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне бөлінген және 29 668 грант бірінші курсқа қабылдауға арналған. Күндізгі бөлімде оқуға арналған грант - 29 168, сырттай оқуға - 500. Білім грантын тағайындау құқығына 60 жоғары оқу орны ие болды, деп хабарлайды astana.kz.

"Ұлттық тестілеу орталығының мәліметтеріне сәйкес, Астана бойынша білім грантына 2782 өтініш берілген. Олардың ішінде мемлекеттік грантқа 1049 түлек ие болды. Қазақ тілінде - 670, орыс тілінде - 379 адам. Атап өтейік, Астанада ҰБТ тапсырған түлектер саны 3398. Олардың ішінде 1885 қазақ тілінде, 1513 орыс тілінде тест тапсырды", - делінген ақпаратта.Ұлттық бірыңғай тестілеудің композитті индексі бойынша 2015 жылы Астана Қазақстанның аймақтары арасында бірінші орында.  ҚР Білім министрлігінің хабарлауынша, қатысу коэфициенті бойынша елорда басқа қалалардың ішінде көшбасшы болып, ең жоғарғы көрсеткіш - 81 балл жинады.

Ертеректе Today.kz Қазақстанда 2015 жылғы білім гранттарының иегерлері тізімі жариялаған болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!