Apple компаниясы жүргізушісіз қозғалатын автомобиль жасап жатыр

Фотография - Apple компаниясы жүргізушісіз қозғалатын автомобиль жасап жатыр

АҚШ-тың Apple компаниясы автоматты түрде басқарылатын жүйесі бар көлік шығаруға ниетті.

6186 0

АҚШ-тың Apple компаниясы автоматты түрде басқарылатын жүйесі бар көлік шығаруға ниетті. Бұл туралы британдық The Gardian газеті жазды.

Басылымның мәліметтері бойынша, Apple «ақылды» көліктің алғашқы моделін сынақтан өткізіп жатыр. Алайда бұл жайт құпияда сақталып отыр. Сынақтар Сан-Франциско маңындағы бұрынғы әскери базада өтуі тиіс. Ол жерде бұрын Mercedes-Benz пен Honda көліктері сыналған екен.

The Gardian редакциясының қолына «Project Titan» деген құпия атқа ие болған жүргізушісіз автомобиль жобасын жүзеге асырып жатқан инженерлердің хаттары түскен. Бұл осындай көліктердің құрылатыны жөніндегі алғашқы құжаттар болса керек.

Әзірге Apple ешқандай түсініктеме бермей отыр. 

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!