2020 жылдары Жер шарында әрбір бесінші адам аллергиядан зардап шегеді

Фотография - 2020 жылдары Жер шарында әрбір бесінші адам аллергиядан зардап шегеді

Жаз маусымында тұрғындар арасында поллиноз сырқаты кең таралады.

494 0

Жаз маусымында тұрғындар арасында поллиноз сырқаты кең таралады.

Бұл өсімдік тозаңынан болатын маусымдық ауру түрі саналады. Алайда мамандар бұған жеңіл-желпі қарауға болмайды, - дейді. Дер кезінде емделмеген жағдайда аллергияның артыбронхиалды демікпеге әкеліп соқтыруы мүмкін. Өндіріс ошақтары көп шоғырланған Павлодарда бұл мәселе өткір тұр.

Аллергияны мамандар XXIғасырдың дертіне жатқызады. Тіпті 2020 жылдары Жер шарының әрбір 5-тұрғыны аллергиядан зардап шегеді, - деп болжам да жасап қойыпты. Сырқаттың тұрғындар арасында кең таралатын түрі – поллиноз. Адам ағзасы өсімдік тозаңдарынан тітіркенеді.

Станислав Ким, облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас аллерголог-дәрігері:

- Ауруды асқындыруға болмайды. Бастапқыда адам ағзасы белгілі бір өсімдіктің тозаңына тітіркенетін болса, кейін ол өрши береді. Осылайша, тамызда емес үйеңкі гүлдейтін наурыз айынан бастап зардап шегеді. Ал кез келген аллергияның асқынуы бронхиалды демікпеге әкеп соқтырады.

Мұрынның бітуі, ұйқының бұзылуы, құрғақ жөтел. Науқастың тынысы тарылып, көзі жасаурайды. Тізе берсе аллергияның жағымсыз әсері өте көп. Өсімдік тозаңынан пайда болатын маусымдық поллиноздан бөлек аллергияның созылмалы, аяқ астынан болатын өткір түрлері де бар. Облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізілген 2,5 жасар Манараның тұла бойы қабынып кеткен.

Роза Төлемесова, қала тұрғыны:

- Кеше беті таза болған, бүгін бетіне міне шығып кетті. Аяғында келгенде болмаған аяғы ісіп кетті. Бұрын ауырған жоқ бірінші рет болып тұр. Денесін жара басып кеткен Темірланның денсаулығы біртіндеп жақсарып келеді. Балалар аллергологы Рауза Жекесованың бұл салада жинаған тәжірибесі мол. Білікті маман кең таралған сырқаттың алдын алуға болатынын айтады

Рауза Жекесова, облыстық балалар ауруханасының аллерголог-дәрігері:

- Бұл сырқат көп жағдайда тұқым қуалайды. Оның пайда болу себептері де әр қилы. Өмір сүріп жатқан орта, экологияның әсері, ішетін тамағымен суық тиіп қаншалықты жиі ауыратыны.Ата-анасының біреуі аллергиямен ауырса, міндетті түрде баласының бойынан табылуы мүмкін.

Павлодарда 7 аллерголог дәрігер қызмет көрсетеді. Аллергодиагностика облыстық балалар ауруханасында жасалады. Тұрғындар жекеменшік зертханалардың да көмегіне жүгініп жатады. Денсаулық сақтау басқармасының бас аллергологы Станислав Ким маусымдық аллергияның төмендегенін айтады. Керісінше бронхиалды демікпесі бар науқастар саны 21,3%%-дан 25,2%-ға артыпты.

24.kz


Тегтер:

аллергия

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!