Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)

Фотография - Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)

"Білім беру мазмұнын жаңарту: болашақ бағдары" тақырыбындағы көрме Астана қаласы ұстаздар қауымының тамыз кеңесіне арналып отыр.

974 0

"Білім беру мазмұнын жаңарту: болашақ бағдары" тақырыбындағы көрме Астана қаласы ұстаздар қауымының тамыз кеңесіне арналып отыр.

Қала тұрғындары "Конгресс-холл" сарайында өтіп жатқан көрме арқылы елорданың білім берудегі жаңашыл материалдармен, дарынды балалардың жетістіктерімен, білім беру мекемелерінің үздік инновациялық жобаларымен таныса алды.

Нұржамал Сағырова, "Астана Дарыны" орталығының  интеллектуалды жарыстар лабораториясының методисті:

– Бүгінгі көрменің басты мақсаты - енгізіліп жатқан инновациялық-ақпараттық технологияларды кеңінен таныстыру, қаланың білім беру мекемелерінің жетістіктерін көрсету, сонымен қатар, білім беру қызметінің сапасын арттыру бойынша тәжірибе алмасу.

Көрме аясында ұйымдастырылған Білім саябағы "Болашаққа бағдарлану" теоретикалық аллеясы мен "Нұрлы жол" практикалық аллеясына бөлінген. Теория аллеясы келесі тақырыптар қамтиды: "Білім беру мазмұнын жаңарту білім сапасын арттырудың шарты ретінде", "Сапалы және табысты оқытудың жаңа әдістері", "Дуальді оқыту", "Табысты мектептер құпиясы", "Көп тілділік - ұлт болашағы". "Нұрлы жол" аллеясында Қазақ хандығының 550 жылдығы аясындағы интеллектуалды сайыстың театрландырылған қойылымдары мен интерактивті саябақтың робототехникасының таныстырылымын, кітап көрмесін тамашалауға болады.

Еске сала кетейік, тамыздың 20 күні "Конгресс-Холл" сарайында сағат 11:00-де ұстаздардың жыл сайынғы тамыз конференциясы өтеді. 

Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)

Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)

Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)

Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)

Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)

Астанада тамыз конференциясының аясында арнайы көрме өтуде (ФОТО)



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!