655

Алматыдағы үздік мектепке 17 млн астам теңге берілді

Алматыда өтіп жатқан ұстаздардың Тамыз кеңесі барысында үздік білім беру ұйымы анықталды.
Фотография - Алматыдағы үздік мектепке 17 млн астам теңге берілді

Алматыда өтіп жатқан ұстаздардың Тамыз кеңесі барысында үздік білім беру ұйымы анықталды. 
Мұқағали Мақатаев атындағы дарынды балаларға арналған №140 мектеп үздік деп танылып, 17 млн 091 мың теңгеге ие болды. Аталған қаржы мектепті материалды-техникалық жабдықтауға жұмсалмақ. 

Сондай-ақ, жыл бойы білім беру саласында үздік нəтиже көрсеткен 32 орта білім беру ұйымы мен мектепалды дайындық ұйымының басшыларына «Алатау» шипажайына жолдама берілді.

Загрузка...