Бітірушілердің 50 пайызы колледжде білім алғысы келеді

Фотография - Бітірушілердің 50 пайызы колледжде білім алғысы келеді

Елімізде түлектердің 50 пайызы кәсіптік-техникалық мамандықты таңдап, колледжде білім алғанды қалайды

188 0

Елімізде түлектердің 50 пайызы кәсіптік-техникалық мамандықты таңдап, колледжде білім алғанды қалайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында "Кәсіпқор" холдингі басқарма төрайымы Эльдана Сәдуақасова мәлімдеді. 

"Жастардың техникалық мамандықтарға қызығушылығын көрсететін көрсеткіштердің бірі – үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасының алғашқы бесжылдығының қорытындысы бойынша мектеп түлектерінің 50 пайызы колледж білімін таңдауы. Биылғы жылы бұл тенденция сақталып отыр. Сондай-ақ, жыл сайын 244 мыңнан астам грант кәсіптік-техникалық мамандықтарға бөлінеді", - деді Э.Сәдуақасова.

Білім және ғылым министрлігінің департамент директоры Серік Өмірбаев атап өткендей, жоғары оқу орындарында да кәсіптік-техникалық, инженерлік мамандықтарға қызығушылық артып отыр.

"Соңғы екі-үш жылда түлектер мен магистр бағдарламасына үміткерлердің техникалық, технологиялық мамандықтарға қызығушылығы артқаны байқалады. Мәселен, бакалавриат деңгейін алатын болсақ, 12 мыңнан астам мемлекеттік тапсырыс техникалық және технологиялық ғылымдар тобына бөлінді. Магистратураға келсек, 50 пайыздан астам орынды инженерлік-техникалық мамандықтарға қарастырамыз", - деп толықтырды С.Өмірбаев.

 

BNews.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!