БҒМ: Еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды

Фотография - БҒМ: Еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды

Жаңа оқу жылының басталуына бірнеше күн қалды. 2015-2016 оқу жылында 4,5,6 және 11 сыныптарға арналған қайта шығарылған оқулықтар (қорландыру топтамасы) пайдаланылатын болады. Жергілікті атқарушы органдардың сатып алуы үшін өңірлік бюджеттен шамамен 13 млрд теңге бөлінді. Облыстық және Астана мен Алматы қалаларының білім басқармаларынан алынған ақпаратқа сәйкес, бүгінде еліміздің барлық өңірлеріне жаңа оқулықтар таратылды. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

295 0

"1, 2, 3, 7, 8, 9, 10 сынып оқушыларын алдыңғы жылдары шыққан оқулықтармен қамтамасыз ету, мектеп кітапханаларының қорынан жоспарлы түрде жүзеге асырылады. Қазіргі уақытта республиканың барлық мектептерінде оқушыларға оқулық тарату жүргізіліп жатыр. Сонымен бірге, қосымша білім беру әдебиеттерін (жұмыс дәптерлері, атластар, контурлық карталар, және т.б.) ата-аналар өз қаражаттарына кітап дүкендерінен сатып алатының атап өткен жөн. Оқу жылының басында дүрлікпе жасамау үшін, оқушылар мен олардың ата-аналарына, оқулықтарды, сондай-ақ қосымша әдебиеттерді және мектеп жабдықтарын дүкеннен сатып алуды кешіктірмеулеріңізді өтінеміз" делінген хабарламада.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің және оның өңірлік департаменттерінің интернет-ресурстарында оқулықтардың сапасы мен мектептерге жеткізу бойынша жұртшылықпен кері байланыс орнату мақсатында жедел желілер қосылады. Атап айтқанда, БҒСБК сайтында "Азаматтардың қабылдау" бөлімінде "Оқулық - 2015" чаты орналастырылған, сол жерге пікірлеріңіз бен ұсыныстарыңызды қалдыра аласыздар.

baq.kz

Тегтер:

оқулықтар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!