Сапарбаев ҚР БҒМ-нің білім жүйесін реформалау 4-жылдық жұмысын нәтижесіз деп бағалады

Фотография - Сапарбаев ҚР БҒМ-нің білім жүйесін реформалау 4-жылдық жұмысын нәтижесіз деп бағалады

Қазақстанда 37 пайыз колледждер мен ЖОО түлектері жұмысқа орналаса алмайды. Осы мәселе бойынша Астанадағы Республикалық тамыздық педагокикалық жиналыста ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев өзінің наразылығын айтты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.

273 0

Қазақстанда 37 пайыз колледждер мен ЖОО түлектері жұмысқа орналаса алмайды. Осы мәселе бойынша Астанадағы Республикалық тамыздық педагокикалық жиналыста ҚР вице-премьері Бердібек Сапарбаев өзінің наразылығын айтты, деп хабарлайды Today.kz тілшісі.
Біз қандай жағдайға тап болдық? Біздің барлық 37 пайыз колледждер мен ЖОО түлектері жұмысқа орналаса алмайды. Біздер кімдерді дайындап жатырмыз. Қаншама рет айтуға болады, Аслан Бәкеұлы (Аслан Сәрінжіпов – ҚР білім және ғылым министірі)?  Экономистер, заңгерлер тағы да басқалалар жөнінде. Бұл ең бастысы мемлекеттік гранттарға қатысты. Сол мамандықтар бойынша жұмысқа орналасу, ТиПО гранттары бойынша 57 пайызды құрайды, ЖОО 80 пайызды құрайды. Бұл гранттар, сол себептіде жұмысқа орналасу 99 пайыз болуы керек",- деді Бердібек Сапарбаев.
Оның ойынша, ең басты мәселелер колледжер мен ЖОО мұғалімдерге қатысты, соны ішінде мемлекеттік емес оқу орындары.
"Өкінішке орай, мұндай оқу орындарының басшылығы тиісті жұмыстармен бас ауыртпайды, тек көбірек адам қабылдаса болғаны. Қазіргі кезде министірлік осы мәселені шешу жөнінде жұмыс жасауда, біз мұндай жүйені толығымен алып тастаймыз. Менің жаным ашиды ол балаларға, қомақты қаржы төлейтін олардың ата-аналарына жаным ашиды, әсіресі ауылды жерден шыққандарға", -деді Сапарбаев.

Сонымен қатар, ол білім жүйесін реформалау жұмысын нәтижесіз деп бағалады. Вице-премьердің ойынша білім жүйесіндегі жаңғыртулар өз нәтижесін әлі көрсетпеуде.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!