Еліміздегі жоғары оқу орындары әзірге бағаны көтермейтінін мәлімдеп жатыр

Фотография - Еліміздегі жоғары оқу орындары әзірге бағаны көтермейтінін мәлімдеп жатыр

Жуырда ғана енгізілген жаңа ақша-несие саясаты еліміздегі жоғары оқу орындарының табысына айтарлықтай кері әсерін тигізбеген сыңайлы.

310 0

Жуырда ғана енгізілген жаңа ақша-несие саясаты еліміздегі жоғары оқу орындарының табысына айтарлықтай кері әсерін тигізбеген сыңайлы, деп хабарлайды nur.kz.

Қазақстандық менеджмент, экономика және болжау институтының басшылары осылай деп мәлімдеді. Олар сәйкесінше "студенттер үшін оқу ақысын жақын арада көтермейміз" деп сендірді.

Аталған институттың проректоры Кристофер Нгуен теңгенің еркін айналымы жағдайындағы бағамына қатысты оқу орны басшылығының нақты жоспары әзірге жоқтығын мәлімдеді. Яғни бұл жәйтке байланысты оқу орнында толыққанды сараптама жасалатынын жеткізді.

Проректор қандай жағдай болмасын, біржақты шешім шығарылмайтынын айтты.

"Институттың директорлар кеңесі қараша айының соңында бас қосады. Жиында жан-жақты сараптама жасалады. Бюджет комитеті қаржы саясатындағы өзгерістерді талқылайды. Сараптамалық жұмыстар аяқталған соң директорлар кеңесі шешім шығарады. Сондықтан осы жиын өтпей жатып, қазіргі уақытта студенттердің оқу ақысы көтерілмейді", – дейді ҚМЭБИ-дің проректоры Кристофер Нгуен.

 

Астана телеарнасы



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!