"Facebook" желісін тәуліктік пайдаланушылар саны миллиардқа жетті

Фотография - "Facebook" желісін тәуліктік пайдаланушылар саны  миллиардқа жетті

Facebook әлеуметтік желісін тұңғыш рет бір күнде 1 млрд адам пайдаланды.

188 0

Facebook әлеуметтік желісін тұңғыш рет бір күнде 1 млрд адам пайдаланды.

«Біз өміріміздегі үлкен белестен өттік. Facebook-ты тұңғыш рет бір күнде 1 млрд адам пайдаланды. Яғни, әлем халқының жетіден бірі өз туыстарымен және достарымен сөйлесу үшін біздің желіні пайдаланды», - дейді әлеуметтік желінің қожайыны Марк Цукерберг.

Компанияның қаржылық есебіне сәйкес, 2015 жылдың маусымында әлеуметтік желіні күн сайын 968 млн адам тұрақты түрде пайдаланып, желінің алғашқы жартыжылдықтағы табысы 1,224 млрд долларға жеткен.

Негізі, Цукерберг Facebook желісін Гарвард университетінің студенттеріне арнап ашқан болатын. Алайда, көп уақыт өтпей, оны АҚШ-тың өзге де университеттерінің студенттері мен мектеп оқушылары, сонан соң әлем жұртшылығы пайдалана бастаған. Биылғы жылдың ақпанында Facebook әлеуметтік желісі 10 жылдығын тойлады. Осы уақыт ішінде ол әлемдегі ең ірі әлеуметтік онлайн-ресурс атанып үлгерді.

 

Bnews.kz

 


Тегтер:

Facebook

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!