Гавай аралдарында Марстағы өмір эксперименті басталды

Фотография - Гавай аралдарында Марстағы өмір эксперименті басталды

НАСА командасы Гавай аралдарында Марсқа ұшқанға ұқсас жағдай туғызып, аман қалудың, тіршілік кешудің ғылыми тәжірибесін өткізуге кірісті.

770 0

НАСА командасы Гавай аралдарында  Марсқа ұшқанға ұқсас жағдай туғызып,  аман қалудың, тіршілік кешудің  ғылыми тәжірибесін өткізуге кірісті.  

Алты адамнан тұратын команда Мауна-Лоа жанартауы баурайындағы арнайы кешенде сыртқы әлемнен толық оқшауланып бір жыл өмір сүреді.  Тәжірибеге қатысушылар осы уақытта таза ауасыз, жаңадан әзірленген тағамсыз оқшауланған арнайы куполдың астына орналастырылған үй-жайда өмір сүреді.  

Тәжірибе талаптарына сәйкес команда мүшелері далаға тек скафандрларда ғана шығады.

Тәжірибелік команда құрамында - француз астробиологы, неміс физигі мен төрт америкалық - ұшқыш, сәулетші, дәрігер және топырақ зерттеуші бар, деп хабарлады Би-би-си.

 

ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!