Ғалымдар жер бетінде қанша ағаш бар екенін анықтады

Фотография - Ғалымдар жер бетінде қанша ағаш бар екенін анықтады

Ғалымдар біз тұратын ғаламшарда 3 триллионнан асатын тал бар дейді.

449 0

Ғалымдар біз тұратын ғаламшарда 3 триллионнан асатын тал бар дейді.

Мамандардың айтуынша, бұл сан алдын ала болжамнан 8 есе көп болып шықты. Ағаштарды санауға жерсеріктік суреттер мен Жер бетіндегі бақылау құралдары пайдаланылған. Ғалымдар, сондай-ақ, адамзаттың бір жылда қанша миллиард ағашты отайтынына дейін есептеп шығарды. Өркениет пайда болғалы планетадағы ормандардың 46%-ы түп-тамырымен жойылып кеткен.

Қазіргі таңда жекелеген елдердің арасында жасыл желекке оранып тұрғаны Ресей деседі. Статистика бойынша, көрші елде 642 млрд ағаш жайқалып тұр. Ал, екінші орында Канада тұр. Онда 318 млрд тал бар екен. Үшінші ел - Бразилия. Ғалымдар ол елде 300 миллиардтан астам ағаш өсіп тұрғандығын тілге тиек етті. Керісінше, талдан жұрдай елдердің де тізімі жасалған. Көш басында 3 мың ғана ағашы бар Бахрейн тұр. Ал қала-мемлекет Ватиканда тал атымен жоқ.



24.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!