Қырғыз студенттерінің көпшілігі KIMEP-те оқиды

Фотография - Қырғыз студенттерінің көпшілігі KIMEP-те оқиды

Қырғызстандық студенттердің көпшілігі шетелдік оқу орындарының ішінде Қазақстанды тандайды екен.

294 0

 Қырғызстандық студенттердің көпшілігі шетелдік оқу орындарының ішінде Қазақстанды тандайды екен. Бұл туралы бүгін Астанада өтіп жатқан ТМД-ға мүше елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі кезінде Қырғызстанның Білім және ғылым министрі Эльвира Сариева мәлімдеді.  

– Қазақстан университтері біздің елде өте танымал. Қырғызстан студенттерінің көпшілігі Ресей және Қазақстанда оқиды. Әсіресе, Алматыдағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтында (KIMEP) білім алатындар көп. Олардың көпшілігі қазіргі кезде заман талабына сай жаратылыстану-ғылыми бағыттағы факульттерде оқиды. Бірақ нақты қанша студент екенін айта алмаймын. Шамамен, 5 мыңдай студент Алатау асып, Қазақстанда білім алып жатыр, – дейді Э. Сариева.

Қырғыз студенттерінің Қазақстанды таңдауының басты себебі екі елдің өзара жақындығы және білім сапасымен байланысты дейді. Сондай-ақ Қазақстанда жұмысқа орналасу тиімді екенін де айта кетті.

Айта кетейік, бүгін Астанада ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің төрағалымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына мүше елдердің білім беру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі кеңесі басталды. Күн тәртібінде ТМД-ға мүше мемлекеттердің білім беру саласының қызметкерлері мен мұғалімдерінің съезі де қарастырылған.

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!