Келесі жылы мектеп оқулықтары қымбаттауы мүмкін

Фотография - Келесі жылы мектеп оқулықтары қымбаттауы мүмкін

Келесі жылы мектеп оқулықтары қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлімдеді.

380 0

Келесі жылы мектеп оқулықтары қымбаттауы мүмкін. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәжілісінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz.

"Біздің есебіміз бойынша бір кітаптың орта бағасы 600-700 теңге тұрады. Өздеріңіз білесіз, қазір доллар бағасы өсіп жатыр. Сондықтан оқулық бағасы алдағы қымбаттауы мүмкін. Себебі, біздің баспалар кітап басуға қажетті заттарды сырттан әкеледі. Ал олар еуро немесе АҚШ долларымен есептеледі. Біз бұл мәселені жақында талқылайтын боламыз. Алматыда республикалық баспалардың басшыларының қатысуымен жиын өтеді. Сол жерде осы мәселе көтеріледі. Келесі жылы баға қандай болатынын содан кейін айтамыз", – дейді Саят Нүсіпов.

Комитет төрағасының айтуынша, биылғы жылы мектептерді оқулықпен қамтамасыз етуге 13 млрд 781 млн теңге жұмсалған. Соңғы кездері оқулықтардың кешеуілдеуіне байланысты мәселелер туындаған еді. Сол оқылықты министрлік дер кезінде түзейміз деп отыр. Одан бөлек оқушы дәптерлері электронды болуы мүмкін екенін де айтып өтті.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!