Астанада роботтар футбол ойнаудан жарыспақ

Фотография - Астанада роботтар футбол ойнаудан жарыспақ

Ағымдағы жылдың 18-19 қыркүйегінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Роботты техника бойынша ІІ республикалық олимпиада өтеді.

776 0

 Ағымдағы жылдың 18-19 қыркүйегінде Астана қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Роботты техника бойынша ІІ республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлайды орталықтың баспасөз қызметі.

Аталған шараға Қазақстанның барлық аймағынан 152 оқушы қатысады деп жоспарлануда. Олимпиада негізгі санат және футбол санаты бойынша ұйымдастырылады.

Айта кетейік, былтыр алғаш рет өткен осынау ғылым олимпиадасына еліміздің түкпір-түкпірінен 200-ге тарта талантты оқушылар келіп қатысқан болатын.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!