Астанада жас ғалымдарға білім гранттары мен шәкіртақылар тағайындалды

Фотография - Астанада жас ғалымдарға білім гранттары мен шәкіртақылар тағайындалды

Бүгін Назарбаев университетінде "SANTO академиялық бағдарламасы" білім жобасы байқауының жеңімпаздарына шәкіртақылар мен гранттар табысталды

327 0

 
Бүгін Назарбаев университетінде "SANTO академиялық бағдарламасы" білім жобасы байқауының жеңімпаздарына шәкіртақылар мен гранттар табысталды. Байқау жас ғалымдардың фармацевтика саласындағы ғылыми зерттеулерді іс жүзінде жүзеге асыруға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлады baq.kz.

Жобаның басты ерекшелігі – ұсынылған ғылыми жұмыстарды өз елімізде жүзеге асыруға мүмкіндік мол.

Байқау биыл екінші рет өтіп отыр. Оған еліміздің барлық аймағынан 21 жұмыс ұсынылған. Іріктеу барысында оның ішіндегі 8 ғылыми жоба үздік деп танылды және компания тағайындаған гранттарды жеңіп алды. Ал, ең жоғары бағаға лайық деп танылған екі жобаға бірінші дәрежедегі грант берілді. Олар Назарбаев университеті Өмір туралы ғылымдар орталығының аға ғылыми қызметкері Бауыржан Ұмбаев пен кіші ғылыми қызметкері Алма Ахметова.

Сондай-ақ, SANTO компаниясы биыл Назарбаев Университетіне фармацевтика мамандығына бойынша оқуға түскен Шымкенттегі Назарбаев зияткерлік мектебінің түлектеріне де атаулы шәкіртақыларды табыс етті. Атап айтқанда, Академияның алғашқы шәкіртақы иелері болып жас ғалымдар Жақып Әдемі, Оразгелді Гүлмира, Жамболатова Аружан танылды.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!