Сабақты 07:40-та бастаған мектепті прокуратураға хабарлау керек - вице-министр

Фотография - Сабақты 07:40-та бастаған мектепті прокуратураға хабарлау керек - вице-министр

ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Астана қаласы бойынша сабақты сағат 07.40-та бастаған мектептер туралы министрлік пен қалалық прокуратураға хабарлау керектігін айтты.

332 0

ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев Астана қаласы бойынша сабақты сағат 07.40-та бастаған мектептер туралы министрлік пен қалалық прокуратураға хабарлау керектігін айтты.

"Бұған Үкіметтің қаулысы, сабақ уақытына қатысты арнайы стандарттар бар жəне бұл мəселеге байланысты прокуратура да өз ұстанымын айтты. Сондықтан, қалада сабақ уақытын сағат 07:40-та бастау туралы мəселені қарау үшін жұмыс тобы құрылған да жоқ. Яғни, барлық мектептер сабақты бұрынғыдай сағат 08:00-де бастайды",-деген вице-министр егер қалада сабақ уақытын 07.40-қа ауыстырған мектептер болса, бұл туралы министрлік пен прокуратураға хабар беру керектігін айтты.

"Егер де осындай фактілер кездессе, бізге жəне прокуратураға хабарласыңыздар. Біз тиісті шара қолданамыз",-деді вице-министр.
Журналистердің 76-шы бала бақшаның басталуы сағат 07:40-қа ауыстырылыпты деген сауалына ол мəселені анықтайтынын айтты.
Естеріңізде болса, жуырда қала əкімдігі таңертеңгі көлік кептелісін азайту үшін мектептердегі сабақты таңғы 07.40-тан бастау туралы бастама айтқан болатын. Бұған ата-аналар тарапынан наразылық туған еді.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!