А. Сәрінжіпов Павлодарда "Болашақ" түлектерімен кездесті

Фотография - А. Сәрінжіпов Павлодарда "Болашақ" түлектерімен кездесті

ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу (Informal Networking Conference) өткізді

272 0


ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінде Қазақстанның солтүстік өңірлеріндегі "Болашақ" халықаралық стипендиясы түлектерімен бейресми кездесу (Informal Networking Conference) өткізді.


Кездесуде "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асыру шеңберінде Қазақстан Республикасындағы білімді жаңғырту мәселелері талқыланды. Диалогқа қатысушылар "Болашақ" бағдарламасының 70 түлегі, жоғары оқу орнының оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері болды.

Informal Networking Conference жұмысында отандық білім және ғылымның негізгі даму бағыттары, оның сараптамалық әлеуеттік мүмкіндіктері мен "100 нақты қадам" ұлт жоспарын іске асырудағы "Болашақ" бағдарламасының жаңа ұсыныстары туралы талқыланды.

Кездесуде министр «Болашақтықтардың» қызықтырған сұрақ-сауалдарына жауап беріп, Президенттік стипендия иегерлерінің "Мәңгілік Ел" ұлттық идеясын жүзеге асыру мен ұстаным мазмұнын сақтауда атқаратын қызметіннің маңызын анықтап берді.
Айта кетейік, еліміздің солтүстік өңірінде барлығы 360 "Болашақ" түлегі еңбек етеді. Оның ішінде 153 адам - Павлодар облысының түлектері.


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!