Венгрияда түркітанушы Қоңыр Мандоки еңбектерінің жаңа жинағы таныстырылды

Фотография - Венгрияда түркітанушы Қоңыр Мандоки еңбектерінің жаңа жинағы таныстырылды

Бүгін Будапешт қаласында Халықаралық Түркі академиясы Венгрия ғылым академиясының қолдауымен шығарған түркітанушы ғалым Иштван Қоңыр Мандоки еңбектерінің "New comers from the east. Hungarians and Kipchak-Turks in Europe" (Шығыстан қоныстанушылар. Мажарлар мен Еуропадағы қыпшақ-түркілер) атты жаңа ғылыми жинағы таныстырылды.

227 0

Бұл туралы Халықаралық Түркі академиясының twesco.org ақпараттық танымдық порталы хабарлады.

Ғалымның таңдаулы мақалалары топтастырылған еңбекті Түркі академиясының арнайы жобасы аясында венгриялық профессор Адам Молнар әзірлеп, танымал америкалық тарихшы-түрколог Питер Голден алғысөзін жазған.  Кітап толық таралымы басылып болған соң Еуропадағы белгілі ғылыми зерттеу орталықтары мен жоғарғы оқу орындарының кітапханалары арқылы таратылатын болады. Біраз бөлігі Қазақстанға жеткізіледі.

Айта кету керек, әйгілі түркітанушы Иштван Қоңыр Мандокидің 16 мың кітап пен құнды қолжазбалардан тұратын жеке қоры Халықаралық Түркі академиясының кітапханасына табыс етілген. Сонымен қатар, Түркі академиясы И.Қ.Мандокиге қатысты тағы бірнеше кітапты баспаға әзірлеуде. 

ҚазАқпарат

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!