Астанада мұғалімдер күні аталып өтілді

Фотография - Астанада мұғалімдер күні аталып өтілді

Елордалық ұстаздарды Астана қаласы әкімдігінің өкілдері де құттықтады. Дәстүр бойынша жыл сайынғы елорда әкімінің гранты табыс етіліп, жеті номинациясы бойынша үздік білім ордалары анықталды.

327 0

Қазақстанда Мұғалімдер күні қазанның бірінші жексенбісінде кең ауқымда аталып өтеді. Білім саласы қызметкерлерінің мерекесіне орай 2 қазанда Астананың Бейбітшілік және келісім сарайында салтанатты жиын өтті. Аталмыш шараға білім саласының ардагерлері, қалалық білім беру мекемелерінің басшылары және қоғамдық мекемелердің өкілдері қатысты. Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлады.  

Елордалық ұстаздарды Астана қаласы әкімдігінің өкілдері де құттықтады. Дәстүр бойынша жыл сайынғы елорда әкімінің гранты табыс етіліп, жеті номинациясы бойынша үздік білім ордалары анықталды.

"Ең үздік балабақша" атағы №35 «Ертегі» балабақшасына берілді.

"Ең үздік мектеп" байқауының жеңімпазы болып №40 орта мектебі атанды. «Ең үздік гимназия» атағы №6 гимназияға берілді. Ерекше көзге түскен мектеп пен гимназияға «Астана Бәйтерек» кубогы мен сертификаттар табыс етіліп, қос мекеменің үздік ұстаздарының жалақысына 50 пайыз көлемінде үстеме қосылды.

"Ең үздік колледж" атағы Қоғамдық тамақтану және сервис колледжіне берілді.

"Ең үздік қосымша білім беру мекемесі" атағына "Шығыс" Балалар орталығы лайық деп танылды.

"Ең үздік арнайы білім беру мекемесі" атағы "№1 психология-медико-педагогикалық кеңес беру" орталығына берілді.

"2015 - Жыл Ұстазы" байқауының Бас жүлдесі №66 мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі – Бастемова Светлана Сүлейменқызына бұйырды. Бас жүлде иесіне Астана қаласында пәтер табыс етілді.

Бүгін Астана қаласының оқу ордаларында 12000 жуық мұғалім жұмыс істейді, оның ішінде жоғары білімі бар мұғалімдер 95 пайыздан астамын құрайды. Жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны көбеюде: 2007-2008 оқы жылында жоғары және бірінші санаттағы мұғалімдер саны 3530-ді құраса, 2014-2015 оқу жылында бұл көрсеткіш 6000 дейін көтерілді.

2015-2016 оқу жылының басында жалпы білім беретін мектептерде 405 жас мамандар жұмысқа қабылданды. 3 жылдай еңбек өтілі бар 786 жас мұғалім еңбек етуде.

Астана қаласында соңғы бес жыл ішінде 1580 педагог жұмыстағы жоғары көрсеткіш үшін марапатталған, оның ішінде 106 – төсбелгіге, 112 – мемлекеттік наградаларға, 121 – ҚР Білім және ғылым министрлігі атынан құрмет грамоталары мен алғыс хаттарға, 115 – қала әкімдігі атынан алғыс хаттарға, 1150 – Астана қаласының Білім басқармасының алғыс хаттары мен грамоталарына ие болған.

Мұғалімдер күніне арналған мерекелік шарада қазақ эсрадасының жұлдыздары Роза Рымбаева, Күміс Базарбаева, Алмас Кішкенбаев, Тұрсынбек Қабатов, Мәдина Сәдуақасова, Бақыт Шадаева, Алматы қаласының "Театр теней" және Оқушылар сарайының шығармашылық ұжымы өнер көрсетті. 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!