АҚШ ғалымдары "емдік" шоколад ойлап тапты

Фотография - АҚШ ғалымдары "емдік" шоколад ойлап тапты

Бостондағы шоколад компаниясының мамандары тұңғыш емдік қасиеті бар шоколад жасап шығарды. Ол қан қысымын азайтып, "пайдалы" холестирин деңгейін қалыпта ұстауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды rg.ru.

380 0

Бостондағы шоколад компаниясының мамандары тұңғыш емдік қасиеті бар шоколад жасап шығарды. Ол қан қысымын азайтып, "пайдалы" холестирин деңгейін қалыпта ұстауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды rg.ru.

Шоколадтың құрамындағы табиғи қоспасы – кокао – антиоксиданттар мен минералдарға бай екені белгілі. Ол қан қысымы мен холестерин деңгейін төмендететін қасиеттерге ие. Алайда шоколадтың осыншалық пайдалы әсеріне оның құрамындағы басқа да ингредиенттер – май мен қант кедергі жасайды (бір данасында 70%-дан жоғары).

Сондықтан ғалымдар кокаоның қышқыл дәмін азайтып, қант пен майдың көмегінсіз-ақ шоколадтың тәттілігін арттыратын жаңа әдіс ойлап тапқан. Соның арқасында «емдік» шоколадтың құрамындағы май мен қанттың деңгейі 35%-дан аспайтын болады. Өнімнің тәтті дәмін арттыруға Боливия мен Перудің Анд аудандарында өсетін бірегей өсімдік сығындысы мүмкіндік береді.

Болашақта мамандар шоколад тақтасының құрамындағы май мен қант деңгейін 10%-ға дейін азайтуды көздеп отыр, деп жазады Mirror.co.uk.

 

baq.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!