Сүтті шай адам ағзасына зиянды ма?

Фотография - Сүтті шай адам ағзасына зиянды ма?

Сүтті немесе сүтсіз шай. Адам ағзасына бұл сусындардың қайсысы пайдалы?

1574 0

Сүтті немесе сүтсіз шай. Адам ағзасына бұл сусындардың қайсысы пайдалы?

Неліктен Америка ғалымдары шай мен сүтті араластырып ішуге болмайтынын айтып жүр?

Статистикаға сүйенсек, еліміздегі шайқұмар жандардың 80%-ы сүт қосып ішеді. Бірақ соңғы кездері америкалық ғалымдар екі сусынды араластыруға болмайды дегенді айтып жүр. Бұл адам ағзасына, соның ішінде әйелдер үшін зиян деседі. Алайда қазақстандық ғалымдар бұл пікірмен келіспейді. Керісінше, сүт қосылған шайдың пайдалы жақтарын бізге тізбектеп айтып береді.

 Сүт қатқан шай – дәмі жұмсақ, ағзаға сіңуі жеңіл қоректі сусын. Оған қоса сүттің ең маңызды құрамдас бөлігі кальций сүйек, шаш пен тырнақты қатайтады. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, сүт шай құрамындағы бірнеше қасиетін ғана бәсеңдетеді. Ал оның қосып беретін пайдасы одан бірнеше есе көп.

Ерболат Дәленов, Астана медицина университетінің кафедра жетекшісі:

 - Сүтті шайдың жалпы зияндылығын ғылымда әлі дәлелдеген бірде-бір ғалым жоқ. Шай құрамындағы теобромин,теофилин, кофеин деген сияқты қоздырғыш заттар ми жұмысына әсер етеді. Ал сүт құйған кезде ол қоздырғыш төмендейді.

Көк шай, жемісті шай, жасмин қосылған қара шай тағысын тағы. Әлемде шайдың жүздеген түрі бар. Ал Қазақстанда бұлардың сатылу көрсеткіші төмен екен. Шай дүкенінің сатушысы Константиннің айтуынша, қазақстандықтар қара түйіршіктелген шай ішкенді құп көреді.

Константин Вапнярук, шай дүкенінің директоры:

- Тұтынушылардың 60%- ы қара шай алады. Ал көк шайдың саудасы мезгіліне қарай 30%-ға дейін жетеді. Шынымды айтсам, келушілердің көбі түйіршіктелген шай сатып алады.

Мамандар сүтті шайды таңғы ас кезінде ішуге кеңес береді. Өйткені ол күні бойы сергек жүруіңізге себепші болады. Ал күніне уақытымен 3-4 шыны сүт қатқан шай ішу денсаулыққа зиянсыз екені дәлелденген.

24.kz

 


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!