Бұл Ғаламда біз жалғыз емеспіз

Фотография - Бұл Ғаламда біз жалғыз емеспіз

Айдын Айымбетов ғарышқа қалай ұшқаны туралы айтып берді

961 0

Қазақстандық ғарышкер Айдын Айымбетов  Today.kz тілшісіне берген сұхбатында ғарышқа қалай ұшқаны туралы айтып берді. Естеріңізге салайық, 2015 жылдың 2 қыркүйегінен 12-не дейін ӘӘК полковнигі, қазір Халық қаһарманыАйдын Айымбетов ғарыш кемесінің бортинженері ретінде ғарышта болған. Оның айтуынша, бұл ұшу оның өмірге көзқарасын мүлде өзгерткен. Айдын Айымбетов алғаш рет бауырлас экипаж, жастықты сағыну мен туған жер Талдықорғанның ғарыштан қалай көрінетіні туралы айтып берді.

- Айдын Ақанұлы, сіз ғарышта алғаш болдыңыз салмақсыздыққа үйрену қалай болғанын айтып беріңізші, өйткені жаттығулар мен шынайы ұшуды салыстыруға келмейді ғой.

- ХҒС-ға келгенде менің ағзам әлі бейімделмеген еді, негізгі факторлар – салмақсыздық пен адам ағзасындағы қан айналымы. Алғашқы телесеанстардан байқасаңыз, Волковтың, Моргинстың және менің басым доп секілді болды, өйткені қан дененің төменгі жағынан жоғарыға қарай жиналды, жұмсақ еттің бәрі істі, тіпті дауысымыз да өзгерді, өйткені, дыбыс байламдары да ісіп кетті. Бірақ, ең қызықтысы басында болды. Иллюминатордан Арал мен Каспийді түсіру керек болғанда. ХҒС секундына 7,8 километр жылдамдықпен ұшты, мен түсіріп үлгеру үшін төрт рет оятқыш қойдым және сәттерді өтікізіп те алдым, өйткені, кеме жерді 92 сағатта айналып шықты", - дейді Айдын Айымбетов.

- Сізде ғарышта тәжірибе өткізу бойынша нақты тапсырма болды. Айтыңызшы, олардың қайсысы есте қалды.

- "Дастархан-6" тәжірибесі болар. Оны тек ресейлік экипаж құрамымен өткізу керек болған. Бірақ, біз станция командирлерімен ақылдасып, ХҒС-ның барлық командасын жұмылдырдық. Шетелдік әріптестерге қазақстандық тағамдар қатты ұнады, одан кейін бұл туралы: "Қазақстандық ғарышқа бешбармақ пен қазы-қарта алып барды" деген сияқты мақалаларды оқу қызық болды. Мен ғарышта таба ұстап алып, достарыма дәмнен алдырып жүргендей болды, негізі ол заманауи азық-түлік болатын. Оның құрамында бие сүті ғана емес, шаршағанды басып, күш беретін дәрумендер де бар. Одан кейін бәріне қағаз сауалнама тараттым, экипаж мүшелері Қазақстандық дәмге баға берді. Құрт жайында айтып бердім.

- Сіз қалай ұйықтадыңыз. Қандай уақытқа бейімделдіңіз?

- Біз Гринвич бойынша, яғни, Қазақстан уақытынан алты сағат алға жүрдік. Алғашқы тәулікерде ұйықтай алмадық, тактильді жастық болмады. Мен етбетінен және бір жақ жаныммен жатқанды ұнатамын, мен төсек сияқты қатты зат үстінде жатпағанымды сезіп жүрдім. Көрпемен де солай: үйде үстіңе жамыласың, жылы, үстіңде ыңғайлы көрпе жатқанын сезесің, ғарышта сені орап тұрған сезімде болмайсың. Салмақсыздықта жастық жоқ, басың салбырап тұрады, ауыр. Сондықтан, алғшқы уақыттарды қатты шаршамайынша ұйықтай алмадым. Шудың да қатты болғанын айта кету керек.

- Twitter-дегі жазбаларыңызға қарасақ, ұшу барысында біз кімбіз, не үшін жаралдық... дегендей сұрақтар мазалаған сияқты. Жауап таптыңыз ба?

- Ең қызықтысы, біз Жерде жүргенде ауқымдылықты көрмейміз. Жерде жүргенде біз оның ұшы мен қиырын көрмейміз, ал, орбатидан ол кішкентай дотай. Сол кезде біз Ғаламдағы түйіршік қана екенімізді түсінесің. Әр адамның амбицялары бар, бірақ, мен ең бастысы отбасы екенін түсіндім. Ол достарың, әйелің, балаларың, жұмыс – қарапайым адами құндылықтар. Бізге әлі қаншама құпияны ашу керек. Мен көп көрген сайын ештеме білмейтінімді түсінемін. "Біз кімбіз", "қайдан келдік", "не үшін жаралдық" деген сұрақтар тереңдей түсті.

- Сізді ХҒС командасы қабылдады ма, сіздер қай тілде сөйлестіңіздер?

- Экипаж жылы қарсы алды, өйткені, мен Сергей Волковпен 2003 жылдан бері, жалпы ғарыштық жаттығу кезінен таныспын. Алты жыл өте мен оның командасына түстім, ол өте қуанды. Өзгелермен де таныстым, жатығуларды бірге өткіздік те ұйымдасқан ұжым болдық. Станцияның ресейлік сегментінде біз орыс тілінде, ал америкалық және еуропалық модульдерде ағылшын тілінде сөйлестік, өйткені, станцияның ресми тілі ағылшын. Біз экипажда төрт елден тоғыз адам жұмыс істедік. Әрқайсының өз менталитеті, тарихы мен мінезі бар. Бірақ, біз байырлардай өмір сүрдік, бір дастархан басында отырдық, ешқандай сыр жасырған жоқпыз. Мен біздің Жердің халықтары бірігіп, алыс және жақын ғарышты игеруін қалар едім.


- Ғарыштан сіз "жердегілермен"  Twitter арқылы хабарласып тұрдыңыз, неліктен мұндай таңдау?

- Шынын айтсам, мен әлеуметтік желілермен жұмыс істемедім, уақыт болған жоқ. Мен әлеуметтік желі арқылы кез келген өзін толғандырған сұрақты қоя алатынын, оған ашық жауап ала алатыны ынталандырды. Менің қазір қолым тимей жүр, үйге барғасын жақсы бір материал саламын.

- Талғат Мұсабаев пен Тоқтар Әубәкіровтармен қарым -қатнасыңыз қалай?

- Біз достық қарым-қатынастамыз. Бір бірімзіді 12 сәуірде құттықтаймыз, олар менің тәлімгерлерім.

- Сіздің ғарышқа ұшуыңызды бүкіл Қазақстан бақылады, халық қаһарманы болу қалай екен?

- Мен ешқандай да тарихихи тұлға емеспін. Ұшып келгеннен кейін де олай есептемеймін. Жұмыс сондай.

- Қазақстан үстімен ұшқанда туған еліңізді, оның шегарасын көре алдыңыз ба?

- Қөрдім, қуандым. Үңіле қарадым: міне Балқаш. Міне Қапшағай, ал мынау туған жерім Талдықорған. Жоғарыдан жақын дүниеңді көргенде, жеткізе алмас жылылықты сезінесің.


- Қазір Марсқа туристтік жолдамалар сатылымы жүруде, кейбірі сонда қалғысы келеді, сіз бұл туралы не ойлайсыз?

- Марс игерілсе, адам шығынынсыз игеру керек. Ғарыштық туризм космонавтика дамып, қызықты болып келе жатқанын білдіреді. Туризм ең алдымен – ақша, ол кейінгі ғылыми-зерттеу жұмыстарына қажет. Ұшсын – олар да адам ғой.

- Бірде Талғат Мұсабаев бөгде ғаламдықтарды көргенін айтқан, сіз де бірдеме байқаған боларсыз?

- Мен айтайын: бұл Ғаламда біз жалғыз емеспіз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!