Психологтар отбасында ұрыс-керісті болдырмаудың оңай жолын айтты

Фотография - Психологтар отбасында ұрыс-керісті болдырмаудың оңай жолын айтты

АҚШ-тың Джорджия университеті ғалымдары некелескен жұптың қалай бақытты болатынын болжап берді

428 0

АҚШ-тың Джорджия университеті ғалымдары некелескен жұптың қалай бақытты болатынын болжап берді, деп жазады The Daily Mail.

Зерттеушілердің айтуынша, некенің бақытты болуы үшін қымбат сыйлық, отбасылық психотерпияның қажеті шамалы. Тек жұбайлар бір-біріне әрқашан ризашылық білдіріп, көбірек алғыс айта білуі керек.

Зерттеу қорытындысында мамандар ерлі-зайыптының өзара сыйластығы берік болуы үшін күшті сенім керектігін ескерткен.

Мұны анықтау үшін зерттеушілер некедегі 468 жұптан сұрақ-жауап алған. Қатысушылар қаржылық жағдай, жолдасына көзқарасы, оған деген ризашылық сезімі жайында сұрақтарға жауап берді. Осылайша, ғалымдар бір-біріне риза отбасылардың бақытты екеніне көз жеткізді.

Әдетте, әйелі күйеуінен әр нәрсені талап етеді. Ер адамдар барлығын орындай беруден бас тартады. Мамандар осындай қайшылық кезінде, оның жақсылығын еске алып, ризашылығын танытса, қанағатшыл болып, барға береке тілесе, ұрыс-керістің жолын кесуге болады, дейді.


ҚазАқпарат 

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!