10-15 жылдан кейін сутегімен жүретін көліктер халыққа қолжетімді болмақ

Фотография - 10-15 жылдан кейін сутегімен жүретін көліктер халыққа қолжетімді болмақ

сурет 24.kz сайтынан

Өздігінен шешім қабылдайтын жүргізушісіз машина енді тек қиял ғана емес

499 0

Жаһандық үздік көліктер Жапония астанасында - Токиода жыл сайын ұйымдастырылатын дәстүрлі автосалон өз жұмысын бастады, - деп хабарлады 24.kz.

Әйгілі көрмеде дүние жүзінің үздік темір тұлпарлары жұрт назарына ұсынылады. Олардың арасында өздігінен басқарылатын көліктер, сутегімен жүретін автобустар және үздік суперкарлар бар. Болашақта автоөнеркәсіпті біршама өзгеріс күтіп тұр. Өздігінен шешім қабылдайтын жүргізушісіз машина енді тек қиял ғана емес. Жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігі үшін инженерлер тіпті көліктердің сыртын жұмсақ қылып, ал жанармайдың орнына сутегін пайдаланбақ. Шамамен 10-15 жылдан кейін дәл осындай темір тұлпарларды тізгіндейтін боламыз.

"Бұл модельдің автокөліктен де артық пайдасы бар десем болады. Біз машина жүру үшін оған энергия керек деген қағиданы бұздық. Мәселен,жаңа электромобиль - энергия көзі. Машинамен жүрген кезде жиналған энергияны тұрмыста пайдалануға мүмкіндік бар. Бір сөзбен айтқанда, генератор көлік", - дейді жоба менеджері Такео Мориаи.

Жапониялық автоөндіріс көрмеде өзінің жаңа үлгідегі бірнеше көлігін ұсынды. Олардың арасында гибридтық кроссоверді ерекше атауға болады. Техниканың соңғы үлгісімен жабдықталған заманауи машина бір жылдан кейін жүргізушілерге жол тартпақ.

"Қазір жанармайды 20%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік бар. Әзірге көлік тек Жапония мен Америка нарығына шығады. Алдағы жылдың желтоқсанында Орталық Азия елдеріне де жетеді деп жоспарлап отырмыз", - компанияның бас инженері:Коуджи Тойошима.  

Еуропалық автокөліктер де басты назарда. Mercedes-Benz ұсынған өздігінен басқарылатын минивенге қызығушылық көп. Volkswagen концерні де өзгелерден қалыс қалар емес. Көрмеге қатысуға келген 160 компания үздік деген үлгілерін көпшілікке паш етуде. Сондай-ақ жаңа 76 көліктің тұсауы кесілді.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!