Facebook пайдаланушыларының саны бір жарым миллиардтан асты

Фотография - Facebook пайдаланушыларының саны бір жарым миллиардтан асты

30 қазандағы жағдай бойынша аталған әлеуметтік желіні пайдаланушылардың саны 1,55 миллиардтан асып отыр

479 0

Үшінші тоқсанда Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунттардың саны 60 миллионға өскен. 30 қазандағы жағдай бойынша аталған әлеуметтік желіні пайдаланушылардың саны 1,55 миллиардтан асып отыр. Бұл туралы компанияның хабарламасына сілтемемен ВВС хабарлап отыр. Бұл көрсеткіш ай сайын өлшенеді.

Америкалықтар ғаламторда өткізетін уақытының 20 пайызы Facebook пен Instagram әлеуметтік желілеріне жұмсалады, деп растап отыр әлеуметтік желінің әкімшілігінен. Қыркүйекте әлеуметтік желілерге күн сайын жүгінетін мобильдік пайдаланушылардың саны 27 пайызға өсіп, 894 миллион адамды құраған.

"Алдағы орташа және ұзақ мерзімді болашақта біз Facebook пен Instagram-ның бір-бірімен бәсекелес емес деп санаймыз. Біз бұқаралық ақпарат құралдарының басқа түрлерімен бәсекелестік құрамыз", - деп мәлімдеді компанияның бас операциялық директоры Шерил Сандберг (Sheryl Sandberg). Оның сөздерін Reuters жазды.

Facebook күніне 500 миллионға жуық адамнан құралған аудиторияның 8 миллиард рет видео көретінін тіркеген. 


ҚазАқпарат


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!