Ғалымдар: 30 жасқа дейін адамдар қызғаншақ болады

Фотография - Ғалымдар: 30 жасқа дейін адамдар қызғаншақ болады

Американдық ғалымдардың айтуынша, 30 жасқа дейін адам баласы қызғаныш дертіне жиі шалдығады екен

322 0

Американдық ғалымдардың айтуынша, 30 жасқа дейін адам баласы қызғаныш дертіне жиі шалдығады екен. Сондай-ақ, қызғаныш сезімдері жас ұлғайған сайын жоғалмай, тек белсенді түрде көрсетуін ғана тоқтатады, деп хабарлады Basic and Applied Social Psychology ғылыми журналы.

Ғалымдардың тұжырымдамасына сүйенсек, өзгенің жеткен жетістігін көре алмаушылық дерті әйел және ер адамдарда бірдей болады. Зерттеушілер жүргізген 18-ден 80-ге дейін жас аралығындағы 900 адам қатысқан бақылау жұмыстарының нәтижесі осындай түйінге әкелген. Сауалнама барысында адамдардан бұрыннан бері қызғанып келе жатқан дүниелер жайында сұрастырылды. Дәл осындай 800 адамға «Қызғаныш көзі болдыңыз ба?» деген сауал қойылды, деп хабарлады lenta.ru.

30 жасқа дейінгі адамдардың 80%-ға жуығы 1 жыл бойы қызғаныш сезімін кешкені анықталған. Ал 50 жастан асқандар қатарының 59 пайызы ғана қызғанышын мойындады. Сондай-ақ, өткен жыл бойы 79,4% әйел, 74,1% ер адам өзгеге күншілдікпен қарағанын анықтаған.

Ғалымдар қызғаныш дерті гендерлік көрсеткішке емес, жас ерекшелігіне байланысты деген ойға келді.


bnews.kz





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!