Жаһандық жылынудан кедейлер саны күрт артады

Фотография - Жаһандық жылынудан кедейлер саны күрт артады

Дүниежүзілік банктің таяуда жасалған баяндамасында осылай делінді.

297 0

Дүниежүзілік банктің таяуда жасалған баяндамасында осылай делінді.

Құжатқа сәйкес, ауа қабатына зиянды газдардың бөлінуі, табиғи апаттар мен түрлі аурулардың артуы Жердегі кедейлер санын 100 миллионға арттырады. Ғаламшардағы орташа температураның артуы салдарынан шаруалар егінді аз жинап, бұдан азық-түлік бағасы қымбаттайды. Мұнымен қоса, зілзала санының артуы түрлі ауруларды қоздырып, Африка мен Оңтүстік Азияны титықтатады.

Осы ретте Дүниежүзілік банк президенті Джим Ен Ким былай деді: "Біздің баяндаманың басты мақсаты - жаһандық жылынуды едәуір азайтпайынша, кедейлік деңгейінің төмендемейтінін жұртқа жеткізу".

Талдауға сәйкес, 2030 жылдары дүние жүзінде егістің 5%-ы, ал 2080 жылға таяу 30%-ы кем жиналады. Ыстық салдарынан безгек, іш ауруы және өзге де дерттер адамзатты дендеп алады. Дүниежүзілік банк болжамы бойынша 2030 жылы тамақ бағасы 12 пайызға, ал 2080 жылы 80 пайызға қымбаттайды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!