19 жасар қазақстандықтың қосымшасы Apple Store үздіктеріне кірді

Фотография - 19 жасар қазақстандықтың қосымшасы Apple Store үздіктеріне кірді

"Сеансы" қосымшасы кинотеатрлардың афишасын көруге, киноның трейлерін көріуге болады

195 0

19 жасар қазақстандық Аян Еңбекбай қалаңыздағы кинотеатрлардың афишасын көруге, фильмдер бойынша және көрсетілім уақыты бойынша іріктеуге және киноның трейлерін көріп, оның рейтингін білуге болатын қосымша жасап шығарды. "Сеансы" AppStore дүкенінің тегін топ қосымшаларына еніп, Facebook, Skype, Snapchat, Kolesa және өзге қосымшаларды басып озып, 24 орында тұр, деп жазады Today.kz.

Аян Еңбекбай АҚШ-тағы Миннесота Университетінің екінші курс студенті. Смартфондарға арналған қосымшаларды даярлаумен ол мектеп қабырғасында айналыса бастаған. Ол кезде ол балаларды бағдарламалаудың базалық ережелерін үйрететін ойын жасаудан бастаған. Жобаны аяқтай алмағанымен, жігіт  iOS платформасындағы жасап шығарулармен қызығып, өз шеберлігін Objective C тілінде шыңдады.

"Мен киноға барғанды ұнатамын, алайда нарықтағы кино сеансын көруге арналған қосымшалар мүлде жарамсыз көрінетін. Мәселе олар тым ауыр және пайдаланушылар үшін түсініксіздеу. "Сеансы" қосымшасында, мен сеансты таңдауды өте ыңғайлы және нәтижелі ету үшін тартымды дизайн, пайдалану оңайлығы мен кең қызметті бірітіргім келді.

Осы жылдың сәуір айында шыққан алғашқы нұсқасын даярлауға менің бір жарым айым кетті. Оның үстіне жұмыстың көбі серверлік жағына жұмсалды, атап айтқанда Қазақстан кинотеатрларының сайттарынан сеанс жинауды автоматтандыру теңшеуіне.

Қазіргі кезде iOS платформасында "Сеансы" қосымшасы ғана бар, алайда, маған Android-қа арналған нұсқамен көмектесетін біреу табылса, мен оған қолымдағы барлық ресурстарды ұсынуға дайынмын", - дейді студент.

Аян Еңбекбай өзінің жаңа жобалары туралы айтып берді. Мәселен жақында Kogershin қосымшасы іске қосылды – сәлемдемелер трекингіне арналған "Қазпошта" клиенті. Оның үстіне, Instagram акауынтында қызықты стаистиканы жинақтауға арналған AppStore қосымшалар дүкеніне екі қосымшаны тексеріске жіберген.

"Сндай-ақ, қазіргі кезде "Википедияан" арнайы жинақталған қызықты мақалаларды оқуға мүмкіндік беретін қосымша жасалу үстінде және жаңа Never Drink Alone қосымшасы іске қосуға дайын тұр, ол туралы әлі ештеме айтпай-ақ қояйын. Алайда, біздің neverdrinkaloneapp.com сайтымызда өзінің электронды почштасының адресін қалдырғандар ол туралы біле алатындардың алғашқы легінен болады", - дейді Аян.

 



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!