Facebook: билік тарапынан пайдаланушылардың жеке бас деректерін сұрау артты

Фотография - Facebook: билік тарапынан пайдаланушылардың жеке бас деректерін сұрау артты

Facebook желісін пайдаланушылардың жеке бас деректеріне қатысты елдер билігі тарапынан сұрау салу жағдайлары артуда

183 0

Facebook желісін пайдаланушылардың жеке бас деректеріне қатысты елдер билігі тарапынан сұрау салу жағдайлары артуда.

Осы жылдың бірінші жартысында жауып тастауға тура келген контент cаны 2 есеге көбейді. Ал желі пайдаланушыларының жеке тұлғасына қатысты ақпаратқа сұрау салу 18%-ға артты. Сұраудың ең көбі АҚШ тарапынан жасалған.

Статистикаға келер болсақ, жылдың бірінші жартысында Facebook пайдаланушылары аккаунттарының құпия етіп сақталған мағлұматтарын ашып беру туралы өтініш 41 мың рет түскен, деп хабарлайды RT.

Ал түрлі ел үкіметтерінің сұрауы бойынша контентті жабу алты айда 112%-ға артты. Осыған байланысты 20,5 мыңнан астам контент жабылды. Жалпы жеілден жоюға тура келген ақпарат елдің біртұтастығын бұзу, жаппай қоғамдық тәртіпсіздік жасау, есірткі заттарын таратуға қатысты болған.

Осы ретте Үндістанда 15 мың, ал Түркияда 4,5 мың материал желіден алынып тасталды.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!