Сарапшылар "Монстр Хай" қуыршақтарының бала психикасына кері әсерін анықтады

Фотография - Сарапшылар "Монстр Хай" қуыршақтарының бала психикасына кері әсерін анықтады

Мамандар пікірінше бұл ойыншықтар баланың мазасын қашырып, агрессия тудырады

841 0

Ақмола облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті қорқынышты ойыншықтардың балаларға психологиялық әсеріне алаңдаулы, деп жазады Today.kz департамент басшысы Қайрат Баймұхамбетовке сілтеме жасай отырып.

Оның айтуынша, ойыншықтың сегіз үлгісіне сарапатама нәтижесі "Монстр Хай", "Май монстер", "Веборелла" және "Магик Гел" сияқты қуыршақтар баланың психикасына кері әсерін тигізетінін көрсетті.

"Бұл ойыншықтар қорқыныш тудырады, салдарынан алаңдау мен агрессия пайда болады; құбыжық бейнелері зорлық көрсетумен байланысты сюжеттерді еске салады, о дүниені насихаттайды, бұл баланың ұйқысын тынышынан айырып, жағдайын төмендетеді және балада суицидальды мінез-құлық қалыптастырады", – деп қорытындылады Баймұхамбетов.

Сараптама қорытындылары облыстың білім беру мекемелеріне жолданды, жоғарыда аталған ойыншықтардың балаға әсерін түсіндіру үшін ата-аналар жиналысын өткізу ұсынылған.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!