Қытай үй жануарларын клондайтын әлемдегі ең ірі орталық ашпақ

Фотография - Қытай үй жануарларын клондайтын әлемдегі ең ірі орталық ашпақ

Үй жануарларын клондайтын әлдемдегі ең үлкен орталық Қытайдың солтүстік аймағында ашылады

373 0

Үй жануарларын клондайтын әлдемдегі ең үлкен орталық Қытайдың солтүстік аймағында ашылады. Оған 470 млн доллар қаржы жұмсалмақшы деп жазады ТАСС ақпараттық агенттігі. 

"Ит, сиыр, жылқы, қой сынды үй жануарларының санын жасанды жолмен көбейту орталығы Тяньзинь экономикалық даму аймағында салынады" деп жазылған аталған аймақтың сайтында.

Орталық Boyalife Group корпорациясының басшылығы ұсынымен қолға алынған. Онда Пекин медициналық институты, Тянзинь фармацевтика және биомедицина халықаралық институты және Суам биотехнология мамандары қызмет атқарады деп жоспарлануда. Сондай-ақ, орталықта музей мен гендерді сақтау бөліміне де орын қарастырылған.



BAQ.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!