Сексеуілдің табиғи өсімі азайып барады

Фотография - Сексеуілдің табиғи өсімі азайып барады

Табиғат байлығын сақтап,ертеңгі ұрпаққа жеткізу – қорықшылардың ғана емес, жалпыға ортақ міндет

144 0

Құмды көшкіннен сақтайтын сексеуілдің табиғи жолмен өсімі азайып бара жатыр.

Елімізде шөлде өсетін бұл өсімдікті жаппай кесуге мараторий жарияланған. Соған қарамастан, иен даладағы ағашты тамырымен қоса қопарып алып кететіндер аз емес. Ағаш пен қоса жануарлар дүниесі де жойылып кете ме деген қауіп бар дейді табиғат қорықшылары.

Табиғат байлығын сақтап,ертеңгі ұрпаққа жеткізу – қорықшылардың ғана емес, жалпыға ортақ міндет. Рейдтік шара аумағы 3 миллион гектарға жуық жерді алып жатқан Қызылдың құмынан басталды. Сексеуіл өздігінен дән шашып, табиғи жолмен көбеюге бейім. Соңғы жылдары бұл көрсеткіш тым азайып кеткен. Сондықтан ағаш санын көбейту мақсатында тіпті көшеттеп те отырғызылады. Алайда оны жетілмей жатып, кесіп кету тиылар емес дейді табиғат қорықшылары.

Өздерін Шардара ауданындағы Қазақстан ауылының тұрғындарымыз деп таныстырған жігіттер жеке бастары тұрмақ көліктерінің де құжаттарын көрсете алмады. Есесіне ауылдағы орманшыларға құмнан отын алатынымызды ескерткенбіз деп отыр.

Сұғанақтар көліктің артына байланған тростың көмегімен сексеуілді бірнеше метр тереңдікте жатқан тамырымен қосып жұлып алған. Оның ішінен шірігенін емес, жуанын іріктеп артқан.

Нұрбатыр Есенов,бас маман:
"Бұлар өзі сындырған нәрсенің бұтақтарын, майда шыбықтарын сындырып, тек ірісін алады. Майдасын лақтырып жібереді. Бәрі – көк сексеуіл".

Жыл басынан бері 20-дан аса заңсыз сексеуіл мен ағаш кесу фактісі тіркелген. Алайда екі азамат қана жазаға тартылыпты. Орманды алқаптарда ұштанған өртке қарағанда табиғатқа адам қолымен келтіріп жатқан шығын екі есе көбейген. Сондықтан заң бұзғандар тиісті жазасын алса екен дейді табиғат сақшылары.

Бақытжан Қырықбай, Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының орынбасары:
 "Тергеу барысында құқық бұзушылардың оны жерден тауып алғанын немесе үйіліп жатқан жерден тауып алғаны сияқты себептер жазады. Түсінік беру кезінде олар өздерінің заңсыз шауып алғанын мойындайды. Қазіргі таңда жауапкершілікке тарту кемде-кем болып тұр".

Екі күнге созылған рейд қызылдың құмы мен аң-құсы жетіп артылатын Сырдария өзенің бойында да жалғасты. Құжатсыз жүргендерге хаттама толтырып, құзырлы орган өкілдерінің қарауына жолданды. Жыл басынан бері жалпы облыс аумағында 40-тан астам заңсыз аң ату фактісі тіркелген. Оның ішінде Қызыл кітапқа енген аңды атқан қаскөйлер де бар.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!