"Алаш" қайраткерлері 100 жыл бұрын демократия негіздерін қаламақ болған

Фотография - "Алаш" қайраткерлері 100 жыл бұрын демократия негіздерін қаламақ болған

Әлихан Бөкейхан бастаған "Алаш" қозғалысының белсенділері 100 жыл бұрын Қазақстанға демократия негіздерін қаламақ болды

1128 0

Әлихан Бөкейхан бастаған "Алаш" қозғалысының белсенділері 100 жыл бұрын Қазақстанға демократия негіздерін қаламақ болды. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясы барысында Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің "Алаш" мәдениет және рухани даму институтының директоры Сұлтанхан Аққұлұлы мәлім етті. 

Оның айтуынша, "Алаш" қозғалысы қайраткерлерінің либералды идеялары Қазақстанның демократиялық жолмен дамуының іргетасын қалады. 

"Алаш" көсемдерінің бірі Әлихан Бөкейханов демократиялық жолмен Ресей империясы Мемлекеттік думасының құрамына кіріп, одан кейін "Алаш Орда" қозғалысының көсемі болып сайланды», - деді сарапшы.

Оның айтуынша, "алаштықтар" демократиялық дамуды біздің ел үшін ең қолайлы болады деп есептеді. Атап айтқанда, олар демократиялануының арқасында қысқа мерзім ішінде артта қалған феодалды мемлекеттен индустриялық державаға айнала алған Жапония тәжірибесіне көп көңіл бөлді.

Сұлтанхан Аққұлұлы "Алаш" көсемдері сондай келешекті біздің елде де көргісі келгенін атап өтті. Біздің халықтың игілігі жолындағы олардың сіңірген еңбегі егемен Қазақстанның қалыптасуының негізін қалауға мүмкіндік берді.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!