Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам болады

Фотография - Li-Fi технологиясы Wi-Fi-дан 100 есе жылдам болады

2011 жылы ғалымдар лай-файды сынаған кезде ең жоғарғы жылдамдық - секундына 224 Гб-ке қол жеткізген еді.

665 0

Li-Fi технологиясы жылдамдық жағынан бүгінгі Wi-Fi-дан асып түсетін болады, деп хабарлайды 24.kz.

Ғалымдар 4 жыл уақытын жұмсаған жаңа технология - бүгінгі ғаламтор желісін таратқыш Wi-Fi-дың баламасы, деп жазады Mashable. Li-Fi ақпаратты LED-жарықты диодтар көмегімен таратады. Олар наносекундтар деңгейінде жанып тұрып, жұмыс істейді.

2011 жылы ғалымдар лай-файды сынаған кезде ең жоғарғы жылдамдық - секундына 224 Гб-ке қол жеткізген еді. Бірақ үй ішінде пайдаланған кезде ол ықшам құралдар арқылы бұл көрсеткішті секундына 1 Гб-қа дейін азайтты. Сондай-ақ Wi-Fi-мен салыстырғанда, Li-Fi ақпаратты қабырға арқылы өткізіп тарата алмайды. Десек те, осының арқасында өзгенің ғаламтор желісін бұзып кіру мүмкін болмайды.


Тегтер:

ғаламтор Wi-Fi Li-Fi

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!