Келесі жылы отандық екі спутник ұшырылады

Фотография - Келесі жылы отандық екі спутник ұшырылады

Келер жылы отандық ғалымдардың шағын және жоғары технологиялық спутниктері ұшырылады.

391 0

Келер жылы отандық ғалымдардың шағын және жоғары технологиялық спутниктері ұшырылады.

Бұл туралы бүгін Астанада өткен "Қазақстандағы ғарыш күні-2015" атты халықаралық семинарда мәлім болды. «Осы іс сәтті жүзеге асса, елімізде орбиталық аппараттар құрастырылатын болады» делінген жауапты сала таратқан мәліметте. Қазіргі таңда еліміздің ғарыштағы 4 спутнигі Астанадағы бақылау орталығы арқылы басқарылады. Солардың екеуі телекоммуникациялық, ал қалғаны жерді қашықтықтан зондтау бағытында жұмыс істейді. Естеріңізге сала кетейік, былтыр KazEOSat-1 және KazEOSat-2 деп аталатын қос ғарыш қондырғысы іске қосылды. Соның арқасында ауыл шаруашылығы төтенше жағдай, тау-кен өнеркәсібі сынды салалар жұмысын ғарыштан бақылауға жол ашылды. Осы іске жауапты «Қазақстан Ғарыш Сапары» акционерлік қоғамы мемлекеттік органдар мен шетелдегі тапсырыс берушілерге де тиімді қызмет ұсынып келеді. Мәселен, KazEOSat-1 спутнигі іске қосылғалы бері жердегі 70 миллион шаршы метр аумақ суретке түсірілген. Яғни ғарыш аппараттарына жұмсалған шығын толық өтеліп, қосымша табыс әкеле бастады.

Берік Рахымжанов, «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ деректерді өңдеу бағытының жетекшісі: - Жерді қашықтықтан зондтау жүйесі көктемгі су тасқыны кезінде өте пайдалы болды. Және Орталық Қазақстан, Қарағанды облыстарындағы су тасу кезінде қажетті деректі өз уақытында жеткізіп отырды. Семинар барысында ғарышты игеретін отандық мамандар мәселесі де қаралды. Бүгінде төрт мемлекеттік университет осы бағытта білім береді. Олардың оқу бағдарламасына географиялық ақпараттық жүйелеу де қосылған. Жалпы еліміздегі байланыс пен жерді қашықтықтан зондтауға арналған спутниктер жұмысымен 1 мың 300-дей маман айналысады. Солардың басым бөлігін жергілікті жастар құрап отыр. Жиынға қатысқан Инвестициялар және даму министрі Әсет Исекешов осы бағыттағы жобалардың аясын кеңейтуді ұсынды. «Бүгінде еліміз дүниежүзі бойынша жоғары технологиялы ғарыш аппараттары бар алғашқы ондыққа кіреді», - деді сала жетекшісі.

Әсет Исекешов, ҚР Инвестициялар және даму министрі: - Ғарыш саласы – ел экономикасының маңызды бағыты. Ол барлық салада өз пайдасын әкеледі. Себебі ғарыш әлемі ғана зерттеліп қоймайды. Жердегі сан мыңдаған құбылыстарды, адамдардың өміріне әсер ететін жағдайларды алдын ала болжауға мүмкіндік бар. Сондықтан мемлекет тарапынан біз маңызды міндеттерді жүктеп отырмыз.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!