Аса қауіпті ауруларға қарсы антибиотикті жеңетін микроб гені табылды

Фотография - Аса қауіпті ауруларға қарсы антибиотикті жеңетін микроб гені табылды

Ғылыми қауымдастық дәрі-дәрмекке қатысты тағы дабыл қағуда

328 0

Ғылыми қауымдастық дәрі-дәрмекке қатысты тағы дабыл қағуда. Олар таяуда микробтардың полимиксиндерге қарсы тұруына көмектесетін жаңа генді тауыпты.

Полимиксиндер - бұл өлім мен өмір арасында жатқан науқастардың тірі қалуына мүмкіндік беретін антибиотиктердің бірден бір тобы. Оны ішкен адамның ағзасы көтермей, қатты қиналса да соңында тірі қалып, дертінен айығып кетеді. Тіпті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл препаратты ең қажетті дәрілер тізіміне енгізген.

Генді Оңтүстік Қытай ауылшаруашылық университетінің ғалымдары тауыпты. Полимиксин құрамындағы колистин антибиотигіне қарсы тұратын ген оның бойына тасымалдануға ыңғайлы түрде орналасып алған.

Ресми деректерге сәйкес, колистинді дүние жүзі бойынша ең көп қолданатын Қытай Халық Республикасы екен. Қытайлар жылына 13000 тоннадан аса колистин ішеді. Ғалымдардың айтуынша, осының салдарынан қауіпті мутация пайда болып, ол тез таралуда, деп жазады planet-today.ru.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!