Қазақстандықтарды жарықты өшіруге әдеттенуге шақырды

Фотография - Қазақстандықтарды жарықты өшіруге әдеттенуге шақырды

Назарбаев Университетінде энергияны пайдалану мәдениеті оны 30 пайыз үнемдеуге мүмкіндік береді

223 0

Қазақстандықтар елдің энергиялық нәтижелілігін жарықты уақытында өшіру арқылы арттыра алады. Бұл туралы ОКҚ-де өткен брифинг барысында Назарбаев Университетінің иновациялар бойынша вице-президенті Қанат Байғарин мәлімдеді, деп жазады Today.kz. Оның пікірінше, мұндай әдіс энергия үнемділігін 30 дейін жеткізуге мүмкіндік бермек.

"Бүгінде ешкім Жерге қандай зиян келетінін және өркениеттің дамуынан қазіргі кезде ластанған мекендерді тазартудың құны қандай болатынын ешкім білмейді. Егер есептесек, қарапайым энергияның құны күн, жел және өзге альтернативті энергия көздерінен қымбат екенін нақты айта аламын", - дейді Қанат Байғарин.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Қазақстан дәстүрлі энергия көздерін өзгертуді қажет етпейді, алайда технологияны жақсарту керек.

"Ең жылдам тәсіл – энергиялық нәтижелілікті көтеру, мысалы, кетерде жарықты сөндіріп, жылуды дұрыс пайдалану. Осылайша, энергия үнемдеу мәдениеті арқылы оны 30 пайыз үнемдеуге болады", - дейді Назарбаев Университетінің иновациялар бойынша вице-президенті

Сонымен қатар, оның пікірінше, Азияның көптеген елдерінің тәжірибесі бойынша ауылдық жерде жаңартылатын энергетиканы пайдалануға болады.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!