Жерге қос құйрықты жұлдыз таяп қалды

Фотография - Жерге қос құйрықты жұлдыз таяп қалды

Астрономдар Каталина деп атаған алып комета Күн жүйесінің ішкі бөлігінен шыққан

929 0

Қос құйрықты жұлдыз ғаламшарымызға таяп қалды, деп жазады 24.kz сайты.

 Астрономдар Каталина деп атаған алып комета Күн жүйесінің ішкі бөлігінен шыққан. Бұл аспан денесінің ғылыми атауы - C/2013 US10. Ол Күнді айналып өтіп, Жер маңында орналасқан орбита нүктесіне қарай ұшып барады. Қазір Каталинаны Солтүстік жарты шар, яғни экватордан солтүстікке қарай орналасқан елдердің тұрғындары түн ауған шақта көре алады. Оны көрген адам таң қалмауы мүмкін емес. Себебі Каталинаның шаңнан және ионнан құралған екі құйрығы бар. Оны бинокльмен тамашалауға болады, деп жазады gismeteo.ru. Каталинаның мына суретін неміс астрофизигі Фриц Хельмут Хеммерих Канар аралдарында жүріп суретке түсірген.


Тегтер:

ғаламшар

Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!