Байқоңырдан жаңа сериялы "Прогресс МС" кемесі ұшырылды

Фотография - Байқоңырдан жаңа сериялы "Прогресс МС" кемесі ұшырылды

Жаңа сериядағы жаңғыртылған "Прогресс МС" көліктік кемесі "Союз" зымыран-тасығышында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылады

188 0

Жаңа сериядағы алғашқы жаңғыртылған "Прогресс МС" көліктік кемесі "Союз" зымыран-тасығышында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш стансасына ұшырылды, деп хабарлады РИА Новости Роскосмос өкіліне сілтеме жасап.

"Ұшырылым 31-ші ұшыру алаңынан есепті уақытта жүзеге асырылды. Ғарыш кемесінің «Союз» үшінші сатысынан бөлінуі мәскеу уақыты бойынша  11.55-те күтіледі. ХҒС-пен түйісуі автоматты режімде 23 желтоқсанда сағат 13.29-ға белгіленді", - деп атап өтті сұхбат беруші.

Көліктік кемені "Прогресс М" сериясын терең жаңғырту нәтижесінде "Энергия" ЗҒК жасады. Жүк кемесі ХҒС-қа 2,5 тонна жүк, оның ішінде «құрғақ» жүктер, отын, су, сұйытылған оттегін жеткізеді.

Орбитаға ұшпас бұрын тәжірибелі ресейлік ғарышкер Юрий Маленченко  қолмен басқару бойынша емтиханды "үздік" тапсырды. Алған дағдыларын ол  ғарышта үшінші рет 15 желтоқсанда автоматика істен шыққан кезде қолмен басқару арқылы «Союз ТМА-19» басқарылатын кемесін ХҒС-пен түйістірген сәтте пайдаланған еді.


ҚазАқпарат



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!