Астаналық оқушы "Пусть говорят" көрермендерін өз интелектімен таңдандырды

Фотография - Астаналық оқушы "Пусть говорят" көрермендерін өз интелектімен таңдандырды

Тоғыз жасар Астаналық Данияр Құрманбаев күрделі арифметикалық есептерді ойша шеше алады

775 0

Тоғыз жасар Астаналық Данияр Құрманбаев Бірінші арнадағы ресейлік танымал "Пусть говорят" ток-шоуының бас кейіпкері болды, деп жазады Today.kz.

Тележүргізуші Андрей Малахов төртінші сынып оқушысы Данияр Құрманбаевты жаңажылдық арнайы көрсетілім "Аффтор жжот - 10" түсіріліміне шақырған. Оқушы "кез-келген есепті шеше алатын, ең ақылды ұл бала" ретінде түсірілімге қатысқан. Көрермендерге Даниярдың күрделі арифметикалық жаттығуларды ойша шешіп жатқан ролик көрсетілген. Оқушы оның талантын Ucmas менталдық арифметика мектебінде дамытуға көмектесіп жатқанын айтты. Студияда Данияр ұзақ арифметикалық есепті шығарып, өз өнерін тағы көрсетті. Студия қонақтары баланы бухгалтер немесе математика оқытушысы ретінде жұмысқа алуға даярмыз деп қалжыңдады.

"Аффтор жжот - 10" (Данияр Құрманбаев 16-шы минуттан бастап)



Мұның алдында Данияр Құрманбаев Бірінші арнадағы "Мужское / Женское" бағдарламасына да қатысқан. (Данияр Құрманбаев 20-шы минуттан бастап)





Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!