Астрологтартар 2016 жыл бірқалыпты болмайтынын айтады

Фотография - Астрологтартар 2016 жыл бірқалыпты болмайтынын айтады

Экономикалық және саяси ахуалды ескерсек, күрмеуі шешілмеген мәселелер расында да баршылық

1564 0

Астрологтар бірауыздан: "Келер жыл бірқалыпты болмайды", – деуде. Экономикалық және саяси ахуалды ескерсек, күрмеуі шешілмеген мәселелер расында да баршылық. 

Сонымен Қазақ елі үшін 2016 жыл қандай болмақ? Клара Күзденбаева – Мәскеудегі белгілі нумерологтардың бірі. Дарамсаладағы Тибет монастырынан оқып келген маманға ақыл-кеңес сұрап келетіндер көп. Олардың арасында Эдита Пьеха, Надежда Бабкина, Николай Басков сынды әншілер де бар. Болашақты болжау үшін Клараға адамның туған күні мен аты-жөнін білу керек. Нумерологтың айтуынша, келер жыл "9" санымен тікелей байланысты. "Демек, егер сіз биыл көп еңбектенген болсаңыз, 2016-жылы табысқа кенелесіз", – дейді ол.

Клара Күзенбаева, нумеролог - "Тоғыз" осыған дейінгі жасалғанның бәрін қорытындылайтын жыл дегенді білдіреді. Демек, қажет емес, ескі дүниеден, пайдасынан зияны көп байланыстардан құтылу қажет. Әр адамның қасында энергиясын пайдаланып жүрген жолдастары болады. Солардан алыстау қажет. Денсаулыққа ден қою маңызды. Келер жыл шаңырақ көтеріп, дүниеге бала әкелуге қолайлы уақыт. Және қаржы құю үшін де жемісті жыл болмақ. Ал алып елдің болашағын болжау үшін мемлекет тізгініндегі тұлғаның туған күні мен аты-жөнін сараптайды. Осындай өмірлік код әр адамда, елде де бар. Мысалы Қазақстан үшін бұл 91-ші жылдың 16-желтоқсаны.

Клара Күзденбаева, нумеролог - 2016 – биік белестерді бағындыру жылы. Алаңдайтын дәнеңе жоқ. Әрине дағдарыс барлық елге әсер етуде. Бастысы болашаққа сенімді болу. Қазақстандықтар әдетте позитивті келеді. Келер жылдың жемісті болуы үшін қоғамдағы қарым-қатынастың сыйластыққа негізделуі маңызды. Өзара сүйіспеншілік болу қажет. Сол кезде біз барлық қиындықты еңсере аламыз. Нумерологтың болжамы айқын болмағанымен, Клара Күздембаева Қазақстан 2016 жылы қиындыққа тап болмайтынын айтты. "Ең бастысы Жаңа жылды жылы қабақпен, құшақ жая қарсы алу керек", – деді ол.



khabar.kz



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!