Жаңа Xiaomi Mi Pad 2 планшетінің алғашқы топтамасы бір минутта таралып кеткен

Фотография - Жаңа Xiaomi Mi Pad 2 планшетінің алғашқы топтамасы бір минутта таралып кеткен

Xiaomi компаниясына қоңырау шалған тұрақты тұтынушылар шағымды үйіп-төкті.

135 0

Xiaomi компаниясына қоңырау шалған тұрақты тұтынушылар шағымды үйіп-төкті.

Сөйтсе, олардың көбіне саудаға жаңадан шығарылған Mi Pad 2 планшеті жетпей қалыпты.

Естеріңізге сала кетсек, бұл планшет дүйім жұрт назарына қарашада ұсынылған еді. Ол кезде Mi Pad 2 құрылғысының 16 Гб жадысы бар үлгісі шамамен 53000 теңгеге ($156) сатылатыны айтылды.

Ал осы модельдің 64 Гб есте сақтау жады бар түрі шамамен 69000 теңге ($203) тұрғанына қарамастан, 1 минут ішінде сатылып кеткен. Ақпарат технологиялары саласындағы сарапшылар компания өз тауарларына деген сұранысты ескеріп, Mi Pad 2 планшетін сөреге көптеп шығарып қоюлары керек болғандықтарын айтты.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!