Бүгін Жерге "жұлдызды" жаңбыр жауады

Фотография - Бүгін Жерге "жұлдызды" жаңбыр жауады

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні, яғни 5 қаңтарда Жер шарының халқы таңғажайып көрініске куә болады

480 0

Дүйсенбіден сейсенбіге қараған түні, яғни 5 қаңтарда Жер шарының халқы таңғажайып көрініске куә болады: аспаннан сағатына жүздеген метеорит ағып, қара түнді нұрға бөлейді. Табиғаттың тылсым құбылысы он бірде басталып, таң атқанға дейін жалғасады, деп хабарлайды КП.

Кейбір "жұлдызды" жаңбыр өткен жылдың қарашасында басталып кеткен, мысалы Феницид, Моноцеротид және Солтүстік Таурид. Желтоқсан айында әлем халқы Пуппид, сигма-Гидрид, желтоқсандық Лео Минорид, Кома Береницид сынды метеорит жаңбырын тамашалады. Жыл соңында Квадрантида метеор ағынының белсенділігі басталды.

"Жұлдызды" жаңбырды қала сыртында тамашалаған әлдеқайда қызықты, себебі қала көшелерінің жасанды жарығы астрономиялық құбылыстан ләззат алуға кедергі келтіреді


BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!