Отандық хирургтар алғаш рет бауыр алмастыру операциясын өткізді

Фотография - Отандық хирургтар алғаш рет бауыр алмастыру операциясын өткізді

Қазақстандық хирургтер алғаш рет Оңтүстік Қазақстанда бауыр ауыстыру отасын өздері жасады.

266 0

Қазақстандық хирургтер алғаш рет Оңтүстік Қазақстанда бауыр ауыстыру отасын өздері жасады.

ОҚО әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, бұған дейін беларусьтік мамандармен бірлесе үш мәрте бауыр трансплантациясы сәтті өткізілген болатын. Ал енді жергілікті дәрігерлер А.Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығының мамандарымен бірге төртінші бауырды өздері ауыстырды.

Ота Шымкент қалалық медициналық жедел жәрдем ауруханасында жасалды. Дәрігерлердің мәліметінше, бауыр алмастырған науқастың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ. Бүгінде аталған ауруханада трансплантация қызметі белсенді дамып келеді. Соңғы екі жылда мұнда 57 бүйрек алмастыру отасы жасалса (оның соңғы 29 отасын клиника мамандары жасаған), 4 бауыр трансплантациясы жүзеге асырылған.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысында қазіргі таңда бауыр жетіспеушілігінің түрлі себептерімен кезекте тұрған 90-нан астам науқас бар. Соның бірқатары ағза алмастыру отасын қажет етеді.

Бауыр трансплантациясы әлемдегі ең өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Бүкіләлемдік денсаулық сақтау ұйымының Еуропалық аймақтық бюросының мәліметінше, аймақтағы 43 мемлекетте, ТМД-ғы 7 елде бауыр жетіспеушілігінің салдарынан өлім деңгейі жоғары болғанын көрсеткен.



BNews.kz




Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!