НАСА Жаһандық жылынуға қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады

Фотография - НАСА Жаһандық жылынуға қатысты зерттеу нәтижелерін жариялады

НАСА ғалымдары мен АҚШ ұлттық ғылыми орталығының мамандары жер шарындағы көл суларының температурасын зерттеп, нәтижесін жариялады

397 0

НАСА ғалымдары мен АҚШ ұлттық ғылыми орталығының мамандары жер шарындағы көл суларының температурасын зерттеп, нәтижесін жариялады.

Ғалымдардың айтуынша, ауа райының жаһандық өзгерісі су көздерінің жылынуына әкеледі және оның соңы қауіпті жағдайларға ұласуы мүмкін.

Ауа райының жаһандық жылынуы салдарынан жер бетіндегі көл суларының да температурасы көтерілген. Мұндай қорытындыға АҚШ ұлттық зерттеу орталығы мен НАСА ғалымдары келіп отыр. Зерттеу барысында мамандар спутник арқылы 235 көлді 25 жыл бойы бақылаған.

 Саймон Хук, НАСА өкілі:
- Қоршаған ортада болып жатқан үдерістер су температурасының өзгеруіне әсер етеді. Мысалы, өзен үстіндегі бұлттардың азайюын немесе мұз ерітінділерінен бөлінетін су көлемінің артуын айтуға болады.

Зерттеу нәтижелеріне сүйенер болсақ, көлдердегі судың температурасы әр 10 жыл сайын 1 градусқа жылып отыратын көрінеді. Ал бұл өзгеріс қоршаған ортаға өз әсерін тигізбей қоймайды. Көл суларының жылынуы экологиялық жүйені бұзады деп отыр ғалымдар.

 Саймон Хук, НАСА өкілі:
- Алдағы 100 жылды болжайтын болсақ, су бетіндегі балдырлар 20 пайызға көбейеді. Жаз мезгілінде судың бетін басып қалатын бұл өсімдіктер адам денсаулығына зиянды токсиндер бөледі. Сондықтан сулар тұтынуға жарамсыз болып қалады.

 Боливия тұрғындары бұл жаңалықты білмейді емес, біледі. Себебі аймақтағы Поопо көлі толықтай тартылып қалған. Ал тұрмысын осы көлмен тікелей байланыстырған тұрғындар үшін бұл жоқшылықпен тең еді. Балығы тулап, шағаласы шулаған көлдің берекесі де кетіп, халық жанұясын асыруға ас таппай баз кешті. Тіпті, кейбіреулер ауылды тастап қалаға көшкен.

Валерио Калле Рохас, балықшы:
- Тоқсаныншы жалдары толқыны жағаға соғып тұрған көл 2 мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан. Кейін біртіндеп тартылып, 1995-1996 жылдары құрғап қалды.

Мамандар бұл табиғи құбылыстардың барлығын ауа райының өзгеруімен байланыстырады.

Милтон Перес, эколог:
- Поопо көлін шамамен 60 жыл бақыладық. Ауа райының ауытқыған сәттері оған тоқсаныншы жалдардан бастап әсер еткен. Температура жобамен 1 цельсия градустай жоғарылап отыр.

Боливия билігі бұл өңірді апатты аймақ деп жариялады. Ал сарапшылар экологиялық апаттың бетін қайтару үшін атқарылып жатқан істер аз деп қынжылады. Мамандар болса, көл суларындағы температураның жоғарылауын тоқтату үшін ауаға бөлінетін улы газ көлемін азайту керек деп отыр.

24.kz


Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!