20 жылдан кейін артық салмақ "қалыпты жайға" айналады - сарапшылар

Фотография - 20 жылдан кейін артық салмақ "қалыпты жайға" айналады - сарапшылар

Сарапшылардың болжамынша, артық салмаққақ байланысты ісік аурулары 2015 жылы 45 пайызға артуы мүмкін.

802 0

Болашақта артық салмақ көптеп таралған жайға айналуы мүмкін, бұл денсаулықпен қиындықтардың ұлғаюына соқтырады, деп ескертеді Cancer Research UK  онкологиялық ауруларға қарсы британдық қайырымдылық қорының сарапшылары, деп хабарлайды "Российская газета" басылымы. Сарапшылардың болжамынша, артық салмаққақ байланысты ісік аурулары 2015 жылы 45 пайызға артуы мүмкін.

Сарапшылардың пікірінше, Ұлыбританиядағы артық салмақ жағдайларын азайту үшін шұғыл шаралар қажет. Егер ештеме өзгермесе, 2035 жылы әрбір төрт адамның үшіншісі артық салмақ жинайды немесе семіздікке ұрынады. Артық салмаққа байланысты ісік ауруларына шалдығу 26-дан 600-ге дейін ұлғацып, 2035 жылы 38 500-ге дейін барады. Осылайша, артық салмақпен байланысты ісік аурулары 20 жылда 700 мыңға барады.

Ұлыбританиядағы семіздік деңгейі – Еуропадағы ең нашар көрсеткіштердің бірі. Бұл көрсеткіш 25 пайызды құрайды, ал 1970 жылдары бұл тек үш пайызды құраған.

Артық салмақпен онкологиялық аурулардың 10 түрін және өзге де ауруларды байланыстырады, мәселен, екінші типтегі диабет, жүрек аурулары мен инсульт.

Семіздік пен одан шығатын аруларға қарсы күрестің бір тәсілі ретінде тәтті сусындарға деген жоғары салық болуы мүмкін. Бұл тәсіл қолданыс жүзінде өз тиімділігін көрсеткен. Мысалы, Мексикада газировкадағы қантқа 10 пайыздық салық зиянды сусындардың сатылымын алғашқы жылы-ақ 12 пайызға төмендеткен.

Lancet Diabetes and Endocrinology басылымында жарияланған өзге зерттеу, алкогольсіз сусындардағы қанттың құрамын 40 пайызға азайту 20 жыл ішінде диабеттің 300 мың жағдайының алдын алуы мүмкіндігін көрсеткен.



Загрузка...

Пікір (0)

Input is not a number!
Input is not a email!
Input is not a number!